Италия конституцияға өзгерістер енгізу үшін референдум өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 желтоқсан күні Италияда конституцияға ауқымды реформа жасау бойынша жалпыға ортақ референдум өтеді.

Тиісті шешім дүйсенбі күні министрлер кеңесінің отырысында қабылданды, деп хабарлады RaiNews24  телеарнасы.

Италияның кассациялық соты 8 тамыз күні мұндай референдумды өткізу туралы талаптардың заңдылығын құптады. Конституцияға сәйкес, референдум уақыты министрлер кеңесінің шешімі бойынша Италия президентінің декретімен оның заңдылығын құптайтын шешім шықаннан кейін 60 күннің ішінде тағайындалуы тиіс.

Еске салайық, 26 қыркүйек күні Әзербайжанда ел конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум өтті. Оған сайлаушылардың 69,7 пайызы, яғни 3 671 707 адам (жалпы саны 5 267 111 ) қатысты.

Соңғы жаңалықтар