Исламхан тамыз айында үздік ҚПЛ футболшысы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайраттың» және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан тамыз айында Қазақстан премьер лигасының үздік футболшысы атанды, деп жазды Sports.kz">Sports.kz .

Қырық алтыншы рет жүргізілген сауалға «Ақтөбенің» бас бапкері Юрий Уткульбаевтан басқа Премьер-Лига клубтарының және 12 футболшының барлық бапкерлері қатысты.

Әр респондент өз пікірінше, Қазақстан чемпионатына қатысқан үш үздік футболшыны атады.  Бірінші орын үшін футболшы үш, екінші орын үшін екі және үшінші орын үшін бір ұпай алды. Анкетада барлығы 33 футболшының аты-жөні аталды.  

Шілде айында алматылық «Қайраттың»  23 жастағы жартылай қорғаушысы  Бауыржан Исламхан жеңіске жеткен. Тамыздағы чемпионаттың үш ойынында «Қайрат» екі рет жеңіске жетті. Ал Исламхан гол соғумен ерекшеленді. Ол барлығы 13 рет гол соққан.

Бауыржан Исламхан бесінші рет жеңіске жетіп отыр. Одан көп рет дауысты тек Марат Хайруллин алған.

Екінші орында «Тобылдың» 25 жастағы шабуылшысы Сергей Хижниченко. Тамыз айындағы үш ойында Хижниченко «Шахтерға» қарсы ойынымен есте қалды. Оның есебінде 11 ұпай бар.

Үш үздікті 31 жастағы «Ордабасының» өзбек шабуылшысы  Александр Гейнрих тұйықтады. 

Соңғы жаңалықтар