Филиппинде «Лавин» тайфуны 15 адамның өмірін қиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен бейсенбіде Филиппиннің солтүстік бөлігінде «Лавин» тайфунынан құрбан болғандар саны 15-ке жетті, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар басқармасы Ұлттық кеңесінің атқарушы директоры Рикардо Халад (Ricardo Jalad), деп хабарлады РИА Новости.

«Құрбандар саны артуы мүмкін. Себебі Кагаян провинциясының губернаторы Мануэль Мамба (Manuel Mamba) dzBB радиосында тайфунның өтуі кезінде тағы төрт адамның қаза болғанын айтты», - деп хабарлады GMA News интернет порталы.

Филиппин арқылы тайфун қозғалысы кезінде 230 мыңдай адам эвакуацияланды, оның 160 мыңы үйлеріне қайта алмайды. Табиғи апат салдарынан 2 мыңнан астам үй қирап, 12 мыңына зақым келген. Дауыл жол қатынасын бұзып, электр жүйесіне зақым келтірді. Кагаян провинциясы толықтай жарықсыз қалды.

Жексенбі таңертең әлі де 43 жол учаскесі қалпына келтірілмеген болатын.

Соңғы жаңалықтар