Евгений Тищенко: Қазақ халқынан кешірім сұраймын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік боксшы Евгений Тищенко қазақстандық жанкүйерлерден кешірім сұрады, деп хабарлайды «Бел.Ру».

«Менің атыма сондай жаман хаттар келуде, оған төзу мүмкін емес. Тіпті мұның өзі менің бұлай сөйлеуімді ақтамайды. Ендігіде не айтып отырғанымды ойлайтын болдым. Мен өз сөзім үшін қазақстандық жанкүйерлерден, барша қазақ халқынан кешірім сұраймын. Мен барлық ұлтқа құрметпен қараймын және сынды да көтеремін. Көпшілігі рингте тұрып, нәтижеге күш салудың қандай ауыр екенін білмейді де. Жүздеген адам анайы сөздермен, орфографиялық қателермен негативті пікір қалдырды. Тіпті президент пен менің отбасыма да хаттар келді. Ыңғайсыз болды. Мен Қазақстанда болдым және маған қатты ұнаған. Қазақ халқын ренжітіп алам деп ойламадым. Араздықты қоздырған журналистер мен қаскөйлерге сөзім жоқ», - деп мәлімдеді Евгений Тищенко.

Желіде «Комсомольская правда» радиосының студиясындағы бейнежазба тез тарады. Онда Тищенко журналистерден жеңіске деген әсерді сұрамауын өтініп, «Мен ол ұлтты аса құрметтемеймін» деген еді.



Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада Тищенко қазақстандық Левитті жеңді. Жанкүйерлер ысқыру арқылы бұл шешімге наразылықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар