Евгений Кочетов Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Орталық коммуникациялар қызметі» РМК-нің ұжымына жаңа басшысы - Евгений Кочетовті таныстырды.

«Бұл ол үшін үлкен сенім және үлкен мүмкіндік. Ол алдына қойылған міндеттерді сәтті атқарып шығатынына сенімдімін. Қазір Орталық коммуникациялар қызметінің алдында үлкен міндеттер тұр: бұл қарым-қатынасты одан әрі тереңдету, жаңа формат, Евгенийді жақсы танитындықтан, ол бұл міндетті толық атқарып шығатынына сенемін. Мұнда өте мықты ұжым қалыптасқан. Сондықтан бұны өте жақсы қолдап отыру қажет», - деді Д. Абаев.

Кочетов Евгений Дмитриевич 1988 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика магистрі. «Қазконтент» АҚ-ның «Kaztube» порталына басшылық еткен. «Informburo», «Vlast» агенттіктерінің экономикалық шолушысы, «Kazakhstan real estate group» басқарушы директоры, «Цесна» Корпорациясы» АҚ девелопмент бөлімшесінің жетекшісі қызметтерін атқарды.

Соңғы жаңалықтар