Ерасыл Әубәкіровтің өліміне басты күдіктілер 11-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотының судьясы Асxат Әшірбеков медициналық университеттің студенті Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сот үкімін шығарды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Сот барысында қылмыс жасады деген күдікпен жауапқа тартылған Нұрбек Әжімбай,  Виталий Шерстенев пен Андрей Тихоненколарға 11-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

null  

«Нұрбек Әжімбаевті кінәлі деп тауып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық жолмен табылған мүліктері тәркіленсін", - деді Әшірбеков.

Басқа күдікті Виталий Шерстенев 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Андрей Тиxоненкоға 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленсін", - деп атап өтті ол.

Айта кету керек, сот процесі алқабилер сотының қатысуымен өткен болатын.

null  

Медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда із-түзсіз жоғалған. 10 ақпанда Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Е.Әубәкіровтің мәйітін тапқан болатын. Адам өлтірді деген күдікпен төрт адам - Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай ұсталды.

А.Мейірбаев қылмыстық істе ең басты күдіктілердің бірі болған. Бірақ кейін Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, 7 мамырда Астана прокурорының келісімімен Аян Мейірбаев босатылды.

null null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар