Елордада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 24,5% ұлғайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың сегіз айында барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 13373 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді, олардың жалпы ауданы 1491371 шаршы метрді құрады.

Бұл 2015 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейден 24,5%-ға жоғары.

Астана қаласының статистика департаментінің хабарлауынша, жеке салушылармен жалпы ауданы 120064 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 3,9 есе көп. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 8,1%-ды құрады, ал бұл көрсеткіш 2015 жылғы қаңтар-тамызда 2,6% болатын.

2016 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 91374,9 млн теңгеге жетті,  2015 жылғы қаңтар-тамызда - 107,3%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 19,8%-ды құрады, деп жазады astana.kz.

Соңғы жаңалықтар