Елордада гид-экскурсоводтар мен тәрбиешілердің үш айлық курсын тегін оқуға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың жұмыспен қамту орталығы «Жастар» сарайында жұмыс іздеушілерге арналған кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шара барысында 60-тан астам жұмыс беруші түрлі мамандықтар бойынша бос жұмыс орындарын ұсынып отыр. Сағат 10.00-да басталған жәрмеңке сағат 13.00-ге дейін жалғасты. Осы уақыт аралығында жұмыс іздеушілер әлеуетті жұмыс берушілермен сұхбаттасып, ұсынылған бос орындармен танысты, өз түйіндемелерін қалдырды.

- Жәрмеңке азаматтардың барлық санаттарына арналған. Бүгін түрлі салаларда мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынылып отыр. Бұл жолы қызмет көрсету саласына баса назар аударылады. Елордада жақсы дамығандықтан мұнда кадрлар жетіспеушілігі байқалады. Жалпы жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бос жұмыс орындарының арқасында 300-ден астам адам жұмыс тапқан, - дейді Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы баспасөз қызметінің басшысы Дидар Садықов.

Жәрмеңке барысында гид-экскурсоводтар мен тәрбиешілердің үш айлық курстарына да жазылуға мүмкіндік болды. Оқу орталықтары өткізетін курстарды Жұмыспен қамту орталығымен ұйымдастырады, сабақтар тегін өткізіледі және стипендия төленеді.

Биыл жұмыссыз азаматтарға арналған тағы да екі жәрмеңке өткізілмек.

- Меніңше, бұл жұмыссыз жүрген немесе қосымша жұмыс іздеген адамдарға арналған жақсы шара. Жұмыс іздегеніме көп болды, жәрмеңкеге тәрбиешінің жұмысын іздеп келдім, - дейді астаналық Әлима Омарова.

Жалпы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, қалалық Жұмыспен қамту орталығына 9125 адам жүгінген, 7382 адамға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді, 5180 адам жұмысқа орналастырылды. Атап айтқанда, 486-сы «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жастар практикасына жіберілді, 107 астаналық әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алды. Ал 623-ідайындау, қайта даярлау жне біліктілікті арттыру курстарын бітірді.

Соңғы жаңалықтар