Елордада Дүниежүзілік жүрек күніне орай тегін кардиологтар консультациялары ұйымдастырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Дүниежүзілік жүрек күні қарсаңында, 28 қыркүйекте сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін «Республика даңғылы, 45» мекенжайы бойынша орналасқан «Мечта» сауда үйінде «Жүректі сақтаңыз» акциясы өтеді.

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шара барысында астаналықтар кардиолог дәрігерден кеңес ала алады. Сондай-ақ, мамандар қанның құрамындағы холестерин мен қант деңгейін анықтайды, қан қысымын өлшейді.

Консультация беру мен диагностика жасау тегін болады.

Айта кетейік, Дүниежүзілік жүрек күні 29 қыркүйекте аталып өтіледі.

 

Соңғы жаңалықтар