Елорда аруы байқауында 20 бойжеткен бақ сынайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың ең сұлу аруы байқауына елордадағы оқу орындарынан 20 бойжеткен қатысады.

«Prima Vera»  модельдік агенттігіАстана қаласының әкімдігінің қолдауымен «Астана аруы-2016» сән байқауын ұйымдастыруда.

27 қазанында Astana Music Hall кешенінде эстрада жұлдыздарының қатысуымен байқаудың ақтық сыны өткізіледі, сол күні жеңімпаздар марапатталады. Байқаудың жүлде қоры - 1 млн теңге.

«Астана аруы-2016» атанған бойжеткен «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының  қорытынды бәсекесіне қатысады. Мәдени шараға қаланың сән әлемінің өкілдері, кәсіпкерлер, қала әкімшілігі және байқаудың әр түрлі серіктестері қатысады.

Бұл байқау жастар арасындағы отбасылық құндылықтарды танытуға бағытталған, сондай-ақ жас қыздар арасындағы қоғамдық өмірге белсенді араласуды және салауатты өмір салтын дамытуға мүмкіндік береді. 

Соңғы жаңалықтар