Елбасы Иордания королін парламент сайлауының табысты өтуімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Иордания монархын елдегі парламент сайлауының табысты өтуімен және үкіметтің жаңа құрамының жасақталуымен құттықтады.

Екі ел көшбасшылары Қазақстан-Иордания серіктестігінің басымдығы бар бағыттарын талқылады, сондай-ақ өзара сапармен бару тәжірибесін қалыптастыру жөнінде уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар