ЭКСПО-2017 көрмесіне 10 мыңға жуық адам қызмет көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» көрмесіне 10 мыңға жуық адам қызмет көрсетеді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының Коммерциялау департаменті директорының орынбасары Илья Оразақов мәлім етті.

«Павильондарға, шетелдік делегацияларға және көрмедегі басқа да шараларға қызмет көрсетуге келетін қызметкерлер айтарлықтай көп болды. Біздің есептеулер бойынша 5 мыңнан 10 мыңға дейін адам болады. Осы ретте қызмет ететін адамдар көрме аумағында тұрақты жұмыс істейді. Әрине, біз сонымен бірге ұлттық компанияның да қызметкелерін қамтып отырмыз»,-деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, көрменің жалпы аумағы 174 гектарды құрап отыр. Онда ЭКСПО-қалашық жобасы жүзеге асырылуда. Алдын ала жоспар бойынша онда 10 мыңға дейін адам орналаспақ.

Бұл ретте аталған жобадағы баспананың 70 пайызы қызмет көрсету бағыттарында жұмыс істейтіндерге бөлінеді және тек 30 пайызына көрменің қонақтары орналасады.

Айта кетейік, көрме алдағы жылдың маусымында басталып, үш айға жалғасады. Бүгінде 103 мемлекет өздерінің қатысатынын нақтылады, осы орайда келісімдерді бекіту жылдың соңында аяқталады.

Соңғы жаңалықтар