Екібастұзда үш студент белгісіз заттан уланды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұздың орталық қалалық ауруханасына медициналық колледждің үш студенті келіп түсті, деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

17 жастағы екі жігіт жан сақтау бөлімінде, ал 20 жастағы жігіт терапия бөлімінде жатыр.

Улану себебі анықталуда. Зардап шеккендердің жағдайы бірқалыпты. 

Соңғы жаңалықтар