Екібастұзда алаяқ жоқ отынды 9,5 миллион теңгеге сатқан

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұзда полицейлер 9,5 млн теңгеге алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі.

Осы жылғы қыркүйекте күдікті 40 жастағы Павлодар тұрғынына литрі 95 теңгеден ірі көлемде дизель отынын сату мүмкіндігі бар екені туралы хабарлаған. Бұл ретте ол өзінде «Қазмұнайгаз» ЖШС және «Гелиос» ЖШС-мен  мұнай өнімдерін сатып алу-сату бойынша шарты бар екеніне сендірген. Ер адам литрі 90 теңгеден 100 тонна мөлшерінде дизель отынын сатып алуға келіседі.

Екібастұзда ол әйелге 700 мың теңге алдын ала төлем жіберген. Бірнеше күннен кейін күдікті телефон бойынша өтінімге қол қойылғанын, енді қалған соманы аудару қажеттігін хабарлаған.  Ақшасын төлеп, уәде етілген  тауарды ала алмай, күдіктімен байланысқа шыға алмай қалған ол 14 қазанда полицияға жүгінген.

Іздеу шаралары барысында алаяқтың кім екені анықталып, ұсталды.

Күдікті ШҚО тумасы, жұмыс істемейді, бұрын да алаяқтағы үшін сотталған. Айғақты дәлел берді, УҰИ-ға қамалды.

Факті бойынша терегу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар