eGov.kz браузерге қатысты қиыншылықты шешудің жолын ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде eGov.kz электрондық үкімет порталында мемлекеттік қызметтерді көрсетуде кездесетін браузерлерге қатысты қиыншылықтарды еңсеруге қатысты жұмыстар қолға алынуда. Бұл туралы ҚР ИДМ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар  министрлігі «МТҚ» РМК-мен бірлесіп ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының және ҚР Негізгі куәландырушы орталығының негізгі сертификаттарын Google Chrome, Mozilla, Internet Explorer және т.б. браузерлерге қосу мақсатында ҚР ҰКО және ҚР НКО халықаралық Web Trust стандартының талаптарына сәйкестікке сертификаттау аудитінен өткізу жұмыстарын жүргізуде.

Бұл  көрсетілген браузерлердің  ҚР ҰКО берген SSL сертификаттарын пайдаланатын веб-сервистерге деген сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. WebTrust талаптарына сәйкестікке сертификаттаудан өткен куәландырушы орталықтары әлемдік деңгейде тексерілген және сенімді мәртебесіне ие болады.

«Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, дауыс беру парағына өтіп, ҚР ҰКО және ҚР НКО  негізгі сертификатын танымал браузерлерге қосу жөнінде өз пікіріңізді білдіруді сұраймыз. Осы дауыс беру ҚР ҰКО және ҚР НКО  негізгі сертификаттарын аталған браузерлерге қосу процедурасына ықпал етеді.

Cілтеме арқылы өтіп, дауыс беруге қатысуыңызды сұраймыз», делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек, Инстаграм желісінде қазақстандық вайнерлер тұрғындарға мемлекеттік қызмет алуда жолығатын осы қиыншылықтарды әзілдеп шағын қойылым түсірген болатын. 

Жиза про ЕГОВ. (электронное правительство Республики Казахстан) Отмечаем тех кто сталкивался с этой проблемой 😪😂 Совместно с: @kk_prod В ролях: @jamalldin @olzhasbei_kk #kzvine @vladtss @marlenkapbar @babazaev #queex

A video posted by Queex (@queeex) on Aug 16, 2016 at 7:20am PDT

Соңғы жаңалықтар