ЕЭК Қырғызстанды кедендік бақылауды қайталағаны үшін айыпты деп таныды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия отырысында Одақ елдерінің өзара сауда-саттығындағы кедергілерді жоюына бағытталған шешім қабылданды. Ол Қырғыз Республикасы Үкіметінің қаулысымен енізілген мемлекеттік шекара арқылы өткен тауарларды бақылаудың қосымша рәсімдерін жоюға қатысты, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.

«Мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон беру нысандары мен тәртібін бекіту туралы» 2015 жылғы 30 маусымдағы №427 қаулы мәліметтерді мемлекеттік бақылаудан өткізу талонында арнайы нұсқаманың болуын көздейді, ол Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес, тауарларды кедендік декларациялау кезінде берілетін құжатта жазылған ережеге ұқсас. Мысалы, тауардың құны мен салмағы, валюта атауы, сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы кодының алғашқы екі ұстанымы, жүк жөнелтуші мен жүк алушының мәліметтері және т.б.

Бұл ретте Қырғызстанның шекараны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының аумақтық бөлімшесінің қызметкері, әкелінетін жүктердің тасымалдаушы талонда көрсеткен мәліметтерге сәйкестігін бақылауға құқылы. Бұл іс мәні жағынан кедендік бақылауға тең. Мұндай нысанда бақылауды жүзеге асыру Одақ елдері арасындағы тауарларды еркін орналастыруға кедергі келтіреді және Еуразиялық эконмикалық одақ туралы шартпен келіспейді.

Еуразиялық экономикалық комиссия өзінің шешімімен Қырғызстанды Қырғыз Республикасы Үкіметінің қаулысын қолданған кезде Одақ туралы шарттың ережелерін орындау қажеттігі туралы хабардар етеді.

Қырғызстан үкіметіне қабылданған шешім күшіне енген күннен бастап, 10 күнтізбелік күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны ЕЭО туралы шарттың ережелерін орындау жөніндегі шаралар туралы хабарландыру ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар