Дүниежүзілік банк Қазақстанмен тәжірибе бөлісуге дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шарушылығы министрі Асқар Мырзахметов Дүниежүзілік банкі өкілдерімен кездесті.

Банк тарапын делегацияны Орталық Азия бойынша бағдарламаның басшысы Анимэш Шривастава басқарды.

Өткізілген кездесуге ү.ж. 23 қыркүйектегі ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банктің аймақтық директоры Лилия Бурунчукпен және Банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Френсис Ато Браунмен кездесуі негіз болды.

Кездесу барысында Вице-премьер ауыл шаруашылығы секторындағы өткізілетін жаңа мемлекеттік бағдарламалар туралы баяндап, соның ішінде АӨК дамыту тетіктеріне тоқталды. Осыған қоса субсидияландыру және мемлекеттік қолдау бойынша  жаңа жүйенің жүзеге асырылатынын мәлімдеді.
null  

Дүниежүзілік банктың басшысы А.Шривастав өз кезегінде Дүниежүзілік банк сарапшыларының біліктілігімен және тәжірибелерімен бөлісуге дайын екендігін айтты.

Кездесу соңында екітарап Агроөнеркәсіптік кешені саласында тығыз байланыста жұмыс жасауға уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар