Димаш Құдайберген Канн кинофестивалінде қызыл кілеммен жүріп өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі әнші Димаш Құдайберген Канн халықаралық кинофестивалінде қызыл кілеммен жүріп өткен суретін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Суреттерді Димаштың Инстаграмдағы парақшасына жүктеді. Суреттегі жазбада әнші образдарын дайындаған жандарға алғыс айтқан.
Ал zhongxindeying аккаунтында осы сәттің қысқаша видеосы жарияланды.

Prince Di was coming to us.❤️#dimash#dimashkudaibergen #thesingerdimash #singer #DQ #dears#Cannes#cannes2018 #festivaldecannes cr.CC的jam奶酥

A post shared by zhongxindeying (@zhongxindeying) on May 9, 2018 at 11:36am PDT

Бұған дейін «Канндағы қазақ кеші» атты ресми қабылдауда әнші Димаш Құдайберген Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева, «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрімен бірге өнер көрсететіні жөнінде хабарлаған болатынбыз.


Айта кетерлігі, биыл Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасына режиссер Әділхан Ержановтың «Ласковое безразличие мира» кинокартинасы, Синефондасьон бағдарламасында Жаннат Алшанованың «Маусым соңы» фильмі қатысады. ACID бағдарламасы бойынша режиссер Ольга Коротьконың «Жайлы қыс», «Short Film Corner» бағдарламасы бойынша Венера Каиржанованың «Жасырынбақ», Берік Жахановтың «Асам» қысқаметражды кинокартинасы көрсетіледі. 

 

Соңғы жаңалықтар