ДЕНСАУЛЫҚ: Суды аз ішіп жүрген адамдағы өзгерістер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Судың пайдасы туралы білеміз. Шамамыз келгенше, жеткілікті ішуге де тырысамыз. Дегенмен, біз суды жеткіліксіз пайдаланып жүргенімізді қайдан білеміз?

1. Аузыңыздың құрғағанын сезесіз

Су жетіспесе, ауыздың ішінде бөлінетін сілекей мөлшері кемиді. Яғни, ауыз іші құрғап, адам жайсыздық сезіне бастайды.

2. Теріңіз құрғай бастайды

Теріге ылғалдану аса қажет. Құрғақ тері - денеге ылғалдың жетіспеуін білдіретін басты себептердің бірі. Судың жетіспеуі ағзадан керексіз заттар мен майдың шығуын тежейді.

3. Қатты шөлдей бастайсыз

Бұл ауыздың құрғауы деген сөз емес. Бұл қанша су ішсең де, қайта-қайта шөлдей беретін кездегідей әсер. Мысалы, мұндай сезімді ішімдік ішіп көргендер біледі. Түнде ішімдіктің салдарынан бүкіл дене бойындағы су мөлшері азайып, ертеңінде шөлін қандыру үшін, өте көп мөлшерде су ішуіне тура келеді.

4. Көздің құрғауы

Судың жеткіліксіздігін білдіретін белгілердің бірі - көздің құрғауы. Су жетпеген кезде жас шығару өзектері кеуіп кетеді. Бұл көзге зиянын тигізуі мүмкін. Әсіресе, көзіне линза тағатындар үшін бұл аса қауіпті.

5. Буыныңыздың ауырғанын сезесіз

Біздің буындар мен сіңірлер 80%-ға судан тұрады. Бұл біздің қимыл-қозғалысымызға қажет.

6. Бұлшықет массасы азаяды

Адамның бұлшықеті де судан тұрады. Сондықтан ағзада су азайған сайын, бұлшықет мөлшері де кеми түседі.

7. Көп ауыра бастайсыз

Су үнемі ағзадан токсиндерді шығаруға көмектеседі. Сіздің органдар біртұтас механизм ретінде жұмыс істейді. Су жетіспеген ағзада органдар суды басқа жерден, мысалы, қаннан, ала бастайды. Соның салдарынан көптеген проблемалар туындайды.

8. Жылдам шаршайсыз  және ұйқыңыз келе береді

Дене суды қаннан ала бастаған кезде, барлық органға жеткізілетін оттегінің мөлшері азаяды. Ал оттегінің азаюы міндетті түрде ұйқышылдық пен шаршаңқылыққа әкеліп соқтырады. Бұл дегеніміз сіз күн сайын тез шаршап қалып отырасыз.

9. Қарныңыз тез ашады

Су жетіспейтін ағза қарынның ашқаны туралы сигнал жібергіш келеді. Бұл кез келген уақытта орын алуы мүмкін. Күндіз болсын, түннің ортасында болсын, оянсаңыз болды, ас бөлмеге барғыңыз келіп тұрады. Бірақ тағам ол ағзаны жай ғана жұмыс істетеді.  Ал су  ағзаны тазартып, оның басқы үдерістерге араласуына ықпал ететін «жанармай» рөлін атқарады.

10. Ас қорыту жолдарыңыз ауырады

Ауыз қуысының шырышты қабатын ылғалдандырудың маңызы зор екенін айттық. Бұл ас қорыту жолдарына да қажет. Су жетіспеген кезде, асқазандағы шырыштың көлемі мен тығыздығы төмендеп, асқазан қышқылы бүкіл ішкі органдарға зиянын тигізеді. Бұл қыжылға немесе асқазан жұмысының бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін.

11. Ерте қартаю белгілері пайда болады

Біздің ағза ұстап тұра алатын су мөлшері жас ұлғая келе азая түседі. Біз есейген  сайын, судың мөлшерін де арттырып отыру қажет. Бет терісінің құрғауына байланысты әжім де жылдам түсіп, адамның ағзасы да қартая бастайды, деп жазады anabol.kz. 

Соңғы жаңалықтар