Дәуеновтер отбасының еңбек өтілі 409 жылды құрайды - Павлодар облысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Шарбақты ауданы Жылыбұлақ негізгі мектебінің биология және география пәнінің мұғалімі Нұрлан Дәуеновтің отбасында 18 ұстаз бар. Жанұя мүшелерінің жалпы еңбек өтілі биыл 409 жылды құрайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Еңбек - ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы» деген сөз біздің отбасымыздың ұранына айналған. Әкем білім саласында 42 жыл қызмет етті. Ал әулетіміздің ең жас мүшесі осы салада 5 жылдан бері еңбек етуде. Қазіргі уақытта  шаңырағымызда  жұбайым, балаларымды қосқанда  18 мұғалім  жұмыс істейді. Олардың   төртеуі  бастауыш, үшеуі тарих, үшеуі биология,  екеуі физика пәнінің мұғалімдері. Болашақта әулетіміздің немере-шөберелері де біздің осы ізімізді жалғастырады деп сенеміз. Себебі, ұстаздық - мәңгілік мамандық. Осылайша, Елбасымыздың Мәңгілік ел ұлттық идеясының жүзеге асуына отбасымызбен үлес қосудамыз», - дейді Нұрлан Дәуенов.

Айта кетерлігі, Нұрлан Дәуенов жуырда «Еңбек жолы» облыстық конкурсының «Үздік еңбек династиясы» номинациясы бойынша байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алған болатын. 30 қыркүйек күні ол Астанаға барады.

 

Соңғы жаңалықтар