«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі бұйрығымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерден құжаттарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 14 қазанына дейін ұзартылды.

Құжат ресми жарияланды және өз күшіне енді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске салайық, «Болашақ» стипендиясы ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың қаулысымен 1993 жылғы 5 қарашадан бастап тағайындалып келеді. Бүгінгі күнге дейін әлемнің 33 еліндегі үздік жоғары оқу орындарында білім алу үшін 11 мыңнан астам қазақстандыққа стипендия тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар