БҚО-да тауарлы сүт фермаларын көбейту ойластырылуда

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 60-қадамына сәйкес Батыс Қазақстан облысында сүт өнімдері өндірісін дамыту бағытында жұмыстар қолға алынуда. Бұл жөнінде БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Оңғарбеков ҚазАқпарат тілшісіне былайша әңгімелеп берді.

Оның айтуынша, елімізде тауарлы сүт фермаларын дамыту бағытында өткен жылы «Ырыс» бағдарламасы қолға алынған болатын. Бұл бағдарлама бойынша сүтті бағыттағы асыл тұқымды аналық мал басы мен қажетті техника, құрал-жабдықтарды сатып алуға жеңілдетілген несие беріледі.   Облыс орталығы Орал қаласының төңірегіндегі Зеленов пен Теректі, сондай-ақ Тасқала, Бөрлі аудандарын­да сүт өндіру жақсы да­мы­ған. Енді мамандар Оралдың ма­ңындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сүт фер­маларын құру жайында бағыт-бағ­дар, кеңес беруде. Биыл өңірде «Ырыс» бағдарламасы аясында 300 бас­қа арналған (100 басқа ар­нал­ған екі, 50 бас малға екі шағын сүт ке­шендері) шағын та­уарлы сүт фермаларын құру жос­парланған. 2014-2015 жылда­ры об­лысымыздағы бес шаруашы­лық 326 асыл тұ­­қым­­ды сүтті ба­ғыт­­та­ғы ірі қара мал са­­тып алған және осы мал үшін 40997,2 мың теңге мемлекеттік суб­­си­­дия тө­ленді.

Облыста жеті шаруашылық асыл тұқымды сүтті бағыттағы мал өсіреді. Бұл шаруашылықтар­­да 1241 ірі қара мал болса, соның ішінде сауын сиыры 775 басты құрайды. Биыл та­уарлы сүт фермасын құру үшін Тасқала ауданының «Луч» шаруа қожалы­ғы өз қаржысына асыл тұ­қымды 51 голштин тұқымының қа­шарын сатып алып, мемлекеттік қолдау бойынша 7854,0 мың теңге субсидия алды. Зеленов ауданындағы  «Шканов» шаруа қо­жалығы Ресейден голштин тұ­қымды 100 қашар сатып алып,   суб­сидиялауға құжаттарын тапсырды және 50 бас малға субсидия алды. Зеленов ауданының «Кубеев» шаруа қожалығы 100, Бөрлі ауданының «Евраз ЛТД» ЖШС 185 бас сүтті бағыттағы асыл тұ­қымды шетелдік ірі қара малы­ның ана­лықтарын «ҚазАгроҚар-
жы» АҚ арқылы са­­­­­тып алу үшін жұмыстануда.
-Марат Кенжетайұлы, бұлар негізінен Оралға бір табан жақын орналасқан аудандар ғой. Ал шалғай аудандарда жағдай қалай?

-Шыны керек, облыс орталығынан шалғайда орналасқан аудандарда сүт өндіру ісі кешеуілдеп қалған. Өйткені алыс аудан-ауылдардың дені етті ба­­­­ғыттағы ірі қара малын өсіреді. Сондықтан етті бағыттағы асыл тұқымды бұқаларды тауарлы мал­ға қосу арқылы тұқымдық түрлен­діру жұмыстары жүргізілуде. Со­ның нәтижесінде өңірдегі мал басы саны жыл санап өсіп келеді. Енді оңтүстік аудандарда сүтті мал шаруашылығын жандандыру мақсатында алдымен несиелік бағдарламаларды түсіндіру жұ­мыс­­тары қолға алынған. Оң­түс­тік аудандардың ішінде Жа­ңа­қа­ла ау­­данының «Шамұрат» шаруа қо­жа­лығы,  Бөкей ордасы ау­да­ны­ның «Жұ­ма­ғұлова» же­ке кәсіпкерлігі сүтті бағыттағы мал өсіруді бастады. Жәнібек ауданының «Ұлан» шаруа қожалығы сүтті қайта өң­дей­тін кәсіпорынды іске қосуды жос­парлап отыр.
Биыл Ауыл шаруашылығы министр­лігінің басшылығымен жаңа бағыт бойынша жеке қосал­­қы шаруашылықтарды біріктіру жә­не жұмыспен қамту мақсатын­да сүт өндіріп, жинап өткізуді дамыту үшін «Ауыл шаруашылығын қар­­­жы­лай қолдау қоры» АҚ, жұ­мыс­­пен қам­ту және әлеуметтік бағдар­­­­ла­малар бөлімдері ар­қы­лы не­сиелеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Зеленов ауданы бойын­ша 2 сүт қабылдау пунктін ашу жә­не 4 сүт тасымалдайтын автокө­лік сатып алу жоспарланып, қа­зір­гі таңда «Каверин» жеке кә­сіпкерлігі Дариян ауылында күні­не 20 тонна сүтті қайта өңдейтін кәсіпорын­ның 380 шаршы метр аумағын әр­леп, коммуналдық жү­йе­­лерді өткізу жұмыстарын аяқ­тады. Қажетті құрылғылар мен жабдықтар (танкер, пастерлеуші аппарат, сүт тартқыш машина, ірімшік дайындайтын аппарат жә­не өзгелері) 62 млн. теңгеге
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қо­­ры» АҚ-ның несие қаржысы ар­қы­­­лы сатып алынады деп көзделуде. Қазан айында атал­ған кәсіпорынды жөндеп, жабдық­тап іске қосқаннан кейін Желез­нов ауылында сүт қабылдау қосынын ашу жоспарланған. Қазіргі таңда «Каверин» ЖК Зеленов ауда­ны­ның ауылдарынан өзінің сүт тасы­малдайтын 4 автокөлігімен сүт жинап, Орал қаласындағы өзінің сүтті қайта өңдейтін кәсіпорны­на жеткізуде.

-Ауылдардағы жұмыссыздықты азайтуға сүт өндіру жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың тұ­ты­­­нушылар кооперативте­рін құ­ру­­дың септігі тиетіні сөзсіз. Бұл жөнінде не айтар едіңіз?

-Иә, бұл өте маңызды. Осы бағытта мал шаруашы­лығын мемле­­­кеттік қолдау бағдарламаларын тү­сін­ді­ру жұмыстары облыстық және ау­данаралық жиындарда әр ау­дан­да бөлек-бөлек жылына бірнеше рет өткізілуде. Егер ауыл-аудандарда сүт өндіру кооперативтері құрылған жағдайда, оның иелеріне сатып алған әрбір отандық асыл тұ­­­­қым­­­ды мал басы үшін 154 мың тең­­­ге демеуқаржы беріледі. Ал асыл тұ­­қымды ірі қара шетелден әке­лінсе, онда бір бас үшін 118 мың теңге демеуқаржы тө­­ле­­не­ді. Сонымен қатар жалпы та­бын­дар­дағы сиырға асыл тұқымды бұқа қосқаны үшін шаруашылыққа 104 мың тең­ге субсидия беріледі. Бұл
мәселеге қатысты ешқандай қиындық жоқ. Тек кү­ні бү­­гін­ге дейін Ресейдегі эпи­зоотия­­­лық жағдайға байланысты ол жақтан мал кіргізуге шек қо­йыл­ған. Со­нымен қатар Ресейдің  Батыс Қазақстанға жақын аймақ­та­­рын­да сүтті бағыттағы малдың құны жоғары болып отыр.

-Өңірде жыл сайын 220 мың тоннадан астам сүт өндіріледі екен. Осыны көбейту, сүт өнімдерін қайта өңдеу бағытында қандай шаралар қолға алынуда?

-Облыста 2014 жылы 224584,4 тонна сүт өндірілсе, бұл көрсеткіш өткен жылы  226357,5 тоннаға жеткен. Биылғы сегіз айда 171218,6 тонна сүт өндіріліп отыр, бұл өткен жылғыдан 4,1 пайызға артық. Демек, сүт өнімдері жыл сайын молайып келеді.  Өндіріл­ген сүт халықтың сұранысына ие және ол арнайы 11 кәсіпорында қайта өңделеді. Сүт өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың ірілері «Береке» АҚ, «Каркула» ШҚ, «Жастық» ЖШС болса, одан бөлек сүтті тереңдете қайта өңдеумен «Каверин» ЖК, «Сары-Бел» ЖШС, «Ақас» ЖШС ай­­­налысады.
Алдағы уақытта сүтті қайта өңдеу саласына баса мән бермекшіміз. 2020 жылға қарай өң­­делген сұйық және кілегей сүт өнімдерін өндіруді 4300 тоннаға дейін, сары май өнімдерін шығару көлемін 500 тоннаға дейін ұлғай­­­ту жоспарланған. Соның бір мысалындай болып, Тасқала ауданында орналасқан «АгроАДМ» ЖШС (басшысы Арман Перниеев) базасында сүт өңдеу цехы ашылмақ. Бүгінде цехқа арналған ғимарат сатып алынып, оған жөндеу жасалуда. Сүт  өңдейтін  жабдықтар жеткі­зіл­ген және оларды құрастыру, ор­на­ту ғана қалды. Кәсіпкер сүт өңдеуге ар­нал­­­ған жабдықтарды Атырау облысын­ан 10 млн. теңгеге сатып ал­ды. Цех тәулігі­не 1000 литр сүт өнімдерін (500 литр сүт, 50 литр қаймақ, 400
литр ай­ран және 50 литр  йогурт) өндіре алады. Сүтті кәсіпкер Тас­қа­ла ауданы тұрғын­дарынан сатып алмақшы.
Өндірілетін өнімнің сапасы мен
бәсекеге қабілеттілігін жо­­ға­ры­ла­ту мақсатында сүт өңдеу­ші кә­сіпорындар жаңа тех­но­ло­­гиялар­ды өндіріске енгізуде. Шикі­зат­­ты тереңдете қайта өң­деу бо­йын­­ша
жаңа желілердің қол­­да­­ныс­­қа енгізілуі ішкі тұтыну нарығында отан­­дық азық-түлік өнімінің бә­се­­кеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Дегенмен об­лыс нарығына айтарлықтай кө­лем­де сүт өнімінің импорты жет­кі­зі­ле­ті­ні белгілі. Кеден одағына мүше және ТМД елдерінен әкелінетін өнімдердің көп болуы, жергілікті кәсіпорындардың технологиялық жабдықтарының тозуы, қайта өң­дейтін кәсіпорындардың шикізатты сақтайтын қойманың және тасымалдайтын техниканың болмауына байланысты қайта өңдеу саласының дамуы әлі де жоғары емес. Бүгінде «Береке» ЖШС-ның сүт және қышқыл сүтті өнімдер шыға­ру бойынша өндірістік қуаттылы­ғы орташа 30-35 пайызды, «Жастық» ЖШС-да 40 пайызды, «Каверин» ЖК-ның өндірістік қуаттылығы 50-60 пайызды құрайды.
Елбасымыз Қазақстанның ет пен сүт өнімдерін шығару бойынша ірі аймақтық экспортерге айналуы тиістігін бірнеше рет атап көрсеткен болатын. Мемлекет те ауыл шаруашылығы өнімдерін өң­деушілерге барынша қолдау-көмек көрсетуде. 2015 жылдан бастап «Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп, өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама бойынша май өндіру үшін сатып алынатын 1634 тонна сүтті субсидиялауға 34,3 млн. теңге бөлініп (нормативі 1 литрге 21 теңге), «Каверин С.В.» ЖК-ге және «Береке өнімдері» ЖШС-ға субсидия берілді. Ал 2016 жылы бұл мақсатқа 24,3 млн. теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ «Инвестициялық салымдар кезінде агро­өнеркәсіптік кешен субъектісі шек­кен шығыстардың бір бөлігін өтеу
бойынша субсидиялау» бағ­дар­ла­масы аясында тауарлы сүт фер­ма­ның құрылысы кезінде жұм­сал­­ған шығындардың 50 пайызын субси­дия­лауға мүмкіндік бар. Ең бастысы, сүтті мал өсіремін, сүтті терең өңдеймін дейтін кәсіпкерлерге мемлекет та­рапынан қолдау көрсетіліп келеді. Бұл болашақта да жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар