БҚО-да қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысқан азаматтар 3,5 млн. теңгеге ынталандырылмақ

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының мүлде төзбеушілік қағидатын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындауға жергілікті полиция қызметімен бірге жұртшылық та белсенді атсалысуы қажет. Бұл туралы БҚО ішкі істер департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысында айтылды.

Онда департамент бастығы, полиция генерал-майоры Мақсұтхан Әбіләзімовтің атап өткеніндей, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 30-қадамына сәйкес биылғы жыл басынан бері елімізде жергілікті полиция қызметі құрылып, оның жұмыс тиімділігі көріне бастады. Ең бастысы, көпшілікпен бірге ұсақ құқықбұзушылықтарға дейін жол бермеу бағытында тиісті шаралар алынуда.

null  

БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, аталған қағиданы орнықтырудағы басты мақсат - қоғамдық тәртіп пен қазақстандықтардың тыныш та қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету. Қазақстанның кез келген азаматы тәртіпсіздікке бей-жай қарамай, оған тосқауыл қоя білсе, ол өркен жаймайды. 

Мүлдем төзбеушілік қағидатын жүзеге асыру бағытында ішкі істер органдары ұсақ бұзақылықтардың жолын кесу үстінде. Ішкі істер министрлігі тарапынан азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастырып, қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей ықпал ететін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодесінің бірқатар баптары белгіленді. Осы орайда биылғы тоғыз айда 48993 әкімшілік құқықбұзушылық (өткен жылғыдан 1,3 пайызға төмен) анықталса, соның 3317-і - ұсақ бұзақылықтар. Ал қоғамдық орындарды ластағаны үшін 1681 әкімшілік хаттама толтырылды.

Қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкен немесе мас болып келген 13526 адам белгілі болса, 1805 адам соны шамадан тыс пайдаланушы ретінде ішкі істер органдарының есебіне іліккен. Сондай-ақ тыныштықты бұзған 1260, қоғамдық орында темекі тартқан 5003 адам тіркелді. Тіпті заңды өкілдері еріп жүрмеген жасөспірімдердің тұрғын жайдан тыс жерлерде болғаны үшін 1300, олардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелеріне баруына жол бергені үшін 6, ит пен мысықты күтіп ұстау ережесін бұзғаны үшін 1563, қала мен елді мекендер көркін бұзғаны үшін 3015 хаттама толтырылды.

null  

«Мүлдем төзбеушілік қағидаты біздің күнделікті өмір талабына айналуы тиіс. Осы бағытта қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысқан азаматтарды да ұмытпаймыз. Бұл мақсатқа жыл сайын облыс бюджетінен қаржы бөлінеді. Биыл 3,5 млн. теңге қаралып, қазірдің өзінде 125 азамат 2 млн. 342 мың теңгеге ынталандырылды», - деді М.Ғабдуллин.

Отырыста қоғамдық орган мүшелері, ақын Ақұштап Бақтыгереева көшелер мен автотұрақтарда көлік қою тәртібі орнатылмағандығын айтса, «Қазақстан» РТРК» АҚ БҚО филиалының директоры Асланбек Ғұбашев полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, құқықбұзушылық пен қылмыс атаулының алдын алу бағытында арнайы роликтер дайындап, халыққа көрсету туралы ойымен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар