Бизнес-инкубаторлар отандық кәсіпкерлер үшін қолжетімсіз - Мырзахметов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бизнес-инкубаторлар отандық кәсіпкерлер үшін қолжетімсіз. Бүгін ҚР Үкіметі отырысында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов осындай мәлімдеме жасады.

«Бір фактіні келтіре кетсем деймін. Бұл ақпарат қолжетімділігіне қатысты. Мәлімделген 50 индустриалды аймақтың тек 10-ы ғана жұмыс істейді. Бұған қоса, тек «Оңтүстік» индустриалды аймағы ғана тиімді жұмыс істеп, кіріс әкелуде. Ал қалғандарының барлығы да сауалдарға түрткі», - А.Мырзахметов.

Оның пайымынша, мұндай жайттың негізгі себептерінің кәсіпкерлердің аталған аймақтар туралы аз ақпараттан немесе мүлдем білмеуі болып отыр.

«Біз бизнес-инкубаторлар бойынша қарадық. Қазіргі уақытта олар туралы ақпараттар да, сайттар да жоқ. Сол себепті бұл сала бизнес үшін қолжетімсіз болуда», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар