Бішкекте салмағы 2 тонна торт пісірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығы құрметіне Бішкек кондитерлері салмағы 2 тонна торт пісірді, деп хабарлады КирТАГ дүйсенбіде Бішкек әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кондитерлік өнім алаңдағы көптеген пісіру нүктелерінен жиналды. Торт көлемі - 100 шаршы метр, салмағы 2 тонна,  шамамен 20 мың адамға арналған. Бұл  Қырғызстанда ғана емес, барлық Орталық Азиядағы ең үлкен торт болып табылады», - делінген хабарламада.

Мерекелік торттық бір тілімі небәрі 25 сомнан сатылды.

Сатудан түскен барлық қаражат «Көмектесу жеңіл» қоғамдық қоры іске қосқан «Қырғызстанның онкологиялық науқастарға арналған желілік үдеткіш» ұлттық компаниясының аясында Ұлттық онкология орталығына желілік үдеткіш сатып алуға жаратылады.

Соңғы жаңалықтар