Бірқатар облыста «Өңірлердің дамыту - 2020» бағдарламасына бөлінетін қаржы қысқарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірқатар облыста «Өңірлердің дамыту - 2020» бағдарламасына бөлінетін қаржы қысқарады.

 Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын талқылау барысында депутаттар сауалына жауап берген ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев  мәлім етті.

Айта кетерлігі, отырыс барысында Мәжіліс депутаты Сапар Ахметов министрден  Заң жобасында «Өңірлерді дамыту  2020» бағдарламасының 1 млрд. 430 млн. теңгесін қысқарту көзделгенін айтып, оның қай өңірлерді қамтитындығын сұраған еді.

«Біз бірқатар жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша кейбір жобаларды қысқартып жатырмыз. Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан  аймақтарында тұрғын үй, коммуналдық құрылысы жағынан біздің министрліктің бюджетіне кіретін нысаналы даму трансферттері бойынша (қаржыны) төмендетіп жатырмыз. Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл облыстарында да қысқарту көзделген. Өйткені, олардың атқарып жатқан жобаларында қазіргі уақытта үнем бар. Бірақ, екінші жағынан біз осы ұсынылған бюджеттің жобасында суға байланысты жобаларды 7,6 млрд. теңгеге көбейтіп отырмыз. Мұнан бөлек, біздің министрліктің бюджетінен  1,6 млрд. теңгеге Сәтбаев қаласында жаңа тұрғын үйлерді салу көзделуде. Сондықтан кейбір аймақта төмендетілген сомалар басқа аймақтарға бағытталуда», - деді Қ.Бишімбаев. 

Соңғы жаңалықтар