Білім министрлігі ЖОО-ға ҰБТ тапсырмай түсу мүмкіндігін қарастырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшановтың ЖОО-ларға қатысты ұсыныстарын қарастыруға уәде етті.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен мәлімдеді.

Еске салсақ, 4 қазан күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамының ара-салмағын қайта қарау сондай-ақ, жоғары білімнің қолжетімділігін кеңейтуге байланысты бірқатар ұсыныс жасаған болатын.

Атап айтқанда, білім беру және ғылыми жұмыстарға магистрлер мен өндіріс мамандарын тарту және олардың профессорлық-оқытушылық құрамдағы үлесін 70% дейіне жеткізу мүмкіндігін қарастыру; магистрлер мен PhD докторларын дайындауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту; ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне түсуге ниетті талапкерлерді ҰБТ тапсырусыз, тек оқу орындарының ұйымдастырған емтихандарын тапсыру арқылы түсу мүмкіндіктерін қарастыру.

«ҚР білім және ғылым министрлігі Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының ұсыныстарын жұмыс барысына қабылдап, олардың нәтижелерін хабарлайтын болады», - делінген министрліктің таратқан хабарламасында.

 

Соңғы жаңалықтар