Бибігүл Жексенбай отандық БАҚ ақпараттарынан ел азғындалу алдында тұрғандай әсер алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында криминагендік ақпараттардың көп берілетіндігін сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы, суицид мәселесін телеэкраннан көрсетуге тыйым салу, шектеу мәселесін де заңды түрде қарастыру қажет деп ойлаймын. Бұл - дерт. Ал дертті бүкіл дүниеге жар салып, айтудың қажеттілігі шамалы. Ол сонау Кеңес заманында да болған. Бірақ, көп жария ете бермейтін. Қазір жасыратын жоқ, көптеген бұқаралық ақпарат құралдарын, газеттерді, ақпарат агенттіктерді, телеарналарды қарасақ  жаңалықтардың 90 пайызы криминалды. Соның ішінде, әсіресе, зорлық-зомбылық, педофилия, жемқорлық көп айтылатын болды», - деді ол Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің алқа мәжілісінде.

Жексенбайдың пайымынша, ақпарат заманымызға сай, қоғамымыздың дамуына оң әсер етіндей мейлінше жағымды болуы керек.

«Біздің БАҚ-ты қараған кезде еліміз азғындалудың алдында тұрған немесе соны бастап кеткен мемлекет сияқты көрінеді. Өйткені, криминалды, жағымсыз ақпараттарды көп береміз», - деді бірлестік президенті.

Соңғы жаңалықтар