Бейтаныс әйелдің хиджабын шешпек болған азамат бостандығынан айырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чикагодан (Иллинойс штаты) Альбукеркке (Нью-Мексико штаты) бет алған ұшақта Солтүстік Каролина тұрғыны Гилл Паркер Пейн бейтаныс әйелдің басынан хиджабты күштеп шешпек болғаны үшін 1000 доллар сомасында айыппұл төледі.

АҚШ соты сондай-ақ оны бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды, оның екі айын үй қамауында өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Albuquerque Journal сайтына сілтеме жасап.    

Оқиға 2015 жылғы желтоқсанда Southwest Airlines авиакомпаниясының рейсінде болған. Мұсылман әйел қызына той көйлегін таңдауға көмектесу үшін Огайоға сапарынан кейін Альбукеркке қайтып бара жатқан.

«Ол менің жанымда тұрды, оған қарап едім, ол маған жоғарыдан төмен қарап тұр екен. Бір кезде орамалымды, хиджабымды  тартып: «мынаны шеш деді», - дейді Хавла Абдель-Хак.

Мұсылман әйел хиджабын қайта оранып, жеткен бетте полицияға шағымданған.

Соңғы жаңалықтар