Бердібек Сапарбаев Астанада ақтөбелік студенттермен жүздеспекші
Айта кетейік, елордада «Қуатты өңір, қуатты Қазақстан» акциясы аясында өңірлер күні жалғасуда. Осыған орай, 1-2 қазан күндері Астана тұрғындары мен қонақтары Ақтөбе облысының жетістіктерімен таныса алады.
Облыс әкімінің орынбасары Асқар Шерияздановтың айтуынша, ақтөбеліктердің астаналықтарға ұсынатын рухани-мәдени тартуы көп. «1 қазанда астаналықтар Жастар театрында «Есігімді қаққан кім?», «Беу, қыздар-ай» спектакльдерін тамашалай алады. Біз тек бір ғана Жастар театрымен шектелмей, елорданың 5 мектеп, 5 балабақшасында және мүгедектер мен Қарттар үйіне де барып, қойылымды ұсынғалы отырмыз. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Астанада Еуразия Ұлттық университетінде оқитын ақтөбелік 600-ге жуық студентпен кездесу өткізбекші. Бұдан бөлек, облысымыздан шыққан Астанадағы зиялы қауым өкілдерімен, ақын-жазушылармен жолығады» деді әкімнің орынбасары.
Айта кетейік, әкімнің орынбасары өңірде мемлекеттің қолдауымен кәсіпкерлердің шағын жұмыс орындарын ашуға, сонымен қатар жедел жәрдем станциясы мен тарихи-өлкетану мұражайының құрылысы салынып, келер жылы пайдалануға берілетінін жеткізді.
Баспасөз мәслихатында әкімнің орынбасары «Ақтөбе» дәне «Астана» футбол, волейбол жастар командаларының арасында кездесу өтетінін хабарлады.