Бельгияда қаруланған адамдар үшін сауда орталығы эвакуацияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгияның Шателино қаласында ірі сауда орталықтарының бірінен адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Вести.ру-ға сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тардың мәліметінше, автоматтармен қаруланған үш адам зергерлік дүкенге қарақшылық шабуыл жасамақ болған. Жарылыстар мен атыстар естілді. Полиция бөлімшелері ғимаратты қоршауға алды. Бірақ қылмыскерлер ізін суытып үлгерді. Қазір олар іздестірілуде, тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, шабуыл салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар