Баянауылды көріктендіруге 5 млрд теңге бөлінеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Баянауыл ауданын көріктендіруге бес миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыс әкімі Болат Бақауов зиялы қауыммен кездесу барысында Баянауыл ауданының дамуына бес миллиард теңге бөлінетінін айтты. Десе де қаржы жоспары әлі де облыстық мәслихат депутаттарымен қарастырылатын болады. Кейін өңір басшысы Баянауыл ауданының орталығына және Торайғыр көліне барып, жоспарды ақсақалдармен талқылайды.

«Біз көп жылдар бойы Баянауыл жайлы айтып келеміз, бірақ іс жүзінде жұмыс әлі де толыққанды атқарылмай жатыр. Елбасы да осы мәселе жайлы көп сұрақтар қояды. Баянауылда көшелерді қалыпқа келтіріп, көріктендіру үшін бір миллиард теңге бөлеміз. Ал 2,5 млрд теңге су құбырларын өткізу үшін қарастырылған. Бұл - республикадағы су құбырлары жоқ жалғыз аудан.  Баянауыл ауданы басқаларынан қалай артта қалып қойғанына таң қаламын. Сонымен қатар, Баянауылды ішкі жолдар арқылы Торайғыр көлімен біріктіретін боламыз. Осылайша тура қатынайтын жол пайда болады және велосипедпен жүру жолағын да саламыз. Бұдан басқа, шағын авиация жайлы да айтылып жатқанына бірнеше жыл болды. Анықталғандай, ол үшін 1200 метрлік асфальтталған жол мен навигация ғана керек екен», - деді Болат Бақауов.

Бұған қоса, аймақ басшысы 400 миллион теңге Торайғыр көлінің көріктендірілуіне жұмсалатынын айтты. Көлдің қасына барлық коммуникациялар тартылып, бірнеше үй пайда болатын болды.

Соңғы жаңалықтар