Батысқазақстандық палуан бүкілресейлік турнирдің жүлдегері атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық палуан Ерасыл Бақыт Ресейдің Чебоксары қаласында самбо күресінен мәреге жеткен бүкілресейлік турнирде жүлдегер атанды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Ерасыл 48 кг салмақта қола жүлдені иеленді.

Бұдан бір апта бұрын Ерасыл Бақыт Оралда самбодан әлем чемпионы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған 23 жасқа дейінгілер арасында халықаралық турнирде жеңімпаз атанған болатын. Оның бапкері - самбодан жастар арасындағы әлем чемпионы, ересектер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бірлес Есенғалиев.

Еске сала кетейік, 11-13 қарашада Болгария астанасы София қаласында самбодан ересектер арасында әлем чемпионаты өтеді. Оған Қазақстан құрамасы сапында белгілі батысқазақстандық палуан, самбодан төрт мәрте әлем  чемпионы Ерболат Байбатыров қатысады.

Соңғы жаңалықтар