Батыр Жүкембаев кәсіби рингте бесінші жеңісіне жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев екінші раундта мексикалық Сесилио Сантос Галиндоны техникалық нокаутпен жеңіп, бесінші табысын мерекеледі, деп хабарлады Doda Sport.

Айқастан кейін Жүкембаев жарыс оған оңайға соқпағанын айтты.  Бастапқыда бразилиялық боксшымен кездесуі тиіс болатын. Алайда Леандро Мендеш Пинту медициналық тексеруден өтпеді де қазақстандықтың қарсыласы Сесилио Сантос Галиндо болды. Бұдан басқа, Жүкембаев жанкүйерлеріне қолдағаны үшін алғыс білдіріп, келесі табысты айқастарды күтуін тіледі.

Еске салсақ, Батыр Жүкембаев кәсіби рингте бесінші айқасын өткізіп, бәрінде де жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жекте қазақстандық мексикалық Рэнди Лосанамен шықты, оны үшінші раундта нокаутқа түсірді.

null 

Соңғы жаңалықтар