Бақауов «Ертіс-Қазхром» волейбол клубын жеңісімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Кубогын жеңіп алған «Ертіс-Қазхром» волейбол клубын марапаттау салтанаты өтті. Облыс әкімі Болат Бақауов клуб ойыншылары мен қызметкерлерін кезекті жеңісімен құттықтады.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Достық үйінің концерт залында өткізілді. Аймақ басшысы осыдан жарты жыл бұрын клуб ойыншылармен кездескенде олардың жеңіске деген сенімі аз болғанын еске түсірді. Алайда, волейболшы қыздар осы жылдың өзінде еліміздің кубогын жеңіп алды.     

- Сіздер өздеріңіздің жанкүйерлеріңізді керемет ойын өрнегімен қуантып жүрсіздер, - деді облыс әкімі. - Қатарынан екі мәрте Қазақстан Республикасының Кубогын жеңіп алғандарыңыз - біздің қаламыздағы волейбол мектебінің мықтылығын дәлелі. Сіздердің жеңістеріңіз облысымыздағы осы спорт түрінің дамуына әрі балалар мен жасөспірімдерді спортпен шұғылдануға тартуға әсер етеді. Сіздердің жетістіктеріңіз - біздің өңіріміздің мақтанышы.

Өз кезегінде аймақ басшысына алғысын білдірген волейбол командасының капитаны Радмила Береснева Болат Бақауовқа Қазақстан Кубогы иегерлерінің алтын медалін табыстады. Сонымен қатар, ол клуб ойыншыларына қолдау көрсеткен жандардың бәріне алғыс айтты.

 

Соңғы жаңалықтар