Б.Сағынтаев Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банктің аймақтық директоры Лилия Бурунчукпен және банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Френсис Ато Браунмен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Келіссөздер барысында Қазақстанда Дүниежүзілік банктің қатысуымен қаржыландырылатын жобалардың жүзеге асырылу жайы талқыланды. Сонымен қатар болашақтағы ынтымақтастық бағыттары айқындалды.

Қазақстан 1992 жылдың шілде айынан бері Дүниежүзілік банктің мүшесі. Осы уақыт ішінде 45 жобаны қаржыландыру мақсатында банк Қазақстанға жалпы сомасы 8 млрд АҚШ долларынан астам қаржы бөлген.

Соңғы жаңалықтар