Әзербайжанның бірінші ханымы Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалады

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - V Баку халықаралық гуманитарлық форумының аясында Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Әзербайжанның бірінші ханымы, Гейдар Алиев қорының президенті Мехрибан Алиевамен кездесті.

Кездесу барысында Әбдіқалықова екі ел арасындағы қарым-қатынастар өзара түсіністік пен бейбіт көрші ретінде дамып келе жатқандығын және екі елдің көзқарастары көптеген мәселелер бойынша сәйкес келетіндігін атап өтті.

Сондай-ақ ол Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше ретінде сайлануына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, Әзербайжан тарапын «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырды. 

Өз кезегінде М.Алиева Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалайтынын және еліміздің кез келген бастамаларына қолдау көрсететінін айтып, Мемлекеттік хатшыға форумға қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова сапармен Әзербайжанда жүр. Онда Мемлекеттік хатшы әзербайжан тарапының шақыруымен V Баку халықаралық гуманитарлық форумына қатысуда.

null 

Соңғы жаңалықтар