Әзербайжанда «Тыныштық күні» басталды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін Әзербайжанда ертең, 26 қыркүйекке белгіленген елдің Негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпы халықтық референум алдындағы тыныштық күні басталды.

Әзербайжанның Сайлау кодексіне сәйкес дауыс беру күні мен оның алдындағы күні үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады.

Әзербайжан орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға орай үгіт науқаны 3-і басталып, 25 қыркүйекте сағат 08.00-де аяқталды.

Еске салсақ, Әзербайжан президенті Ильхам Алиев 2016 жылғы 26 қыркүйекте ел Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізу туралы өкімге қол қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар