Әзербайжанда референдум аяқталды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанда ел Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдум аяқталды.

Бүгін таңғы сағат 8-00-де басталған дауыс беру шаралары жергілікті уақыт бойынша 19-00-де аяқталды. Сағат 17-00-дегі уақыт бойынша сайлаушылардың 63,6 пайызы дауыс берген. Бұл 3 млн 348 мың 535 адам. Яғни, референдум өткізілген болып саналады.

Сайлаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бүкіл елді қамтитын 119 сайлау округтеріндегі 1000 сайлау учаскесінде веб-камералар орнатылды. 5 мың 600-ден астам сайлау учаскелері жұмыс істеді. Әрбір сайлау учаскесіне 10 байқаушыдан келді.

Сайлауды байқау мақсатында Орталық сайлау комиссиясына ЕОПА мен өзге де халықаралық ұйымдарды қоса алғанда 35 мемлекеттен 117 халықаралық байқаушы қатысты. Елдегі 5 мың 600 сайлау учаскесінде 53 мың байқаушы отырды.

Дауыс беру үдерісін қысқамерзімді байқау мақсатында Әзербайжанға Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясына кіретін халықаралық парламент депутаттарының миссиясының өкілдері келді. Аталмыш миссияға Қазақстанның Парламент Мәжілісінің депутатты Нұрлан Дулатбеков жетекшілік етті.

Соңғы жаңалықтар