Әзербайжанда Конституцияны өзгертуге қатысты референдум басталды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін Әзербайжан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша елдегі барлық сайлау учаскелерінде азаматтардың жалпыхалықтық дауыс беруі басталды.

«Әзербайжан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» референдум актісі жобасына сәйкес, вице-президент және вице-президенттер лауазымын енгізу, президент өкілеттігін 5 жылдан 7 жылға ұзарту және мемлекет басшысына Милли Меджлисті (парламент) тарату құқығын беру мен кезектен тыс президенттік сайлау ұйымдастыру мәселелері қарастырылады. Сонымен бірге, президенттік сайлаудағы жас шектеліміндегі өзгерісті алып тастайды және парламенттік сайлауға қатысудағы жас шектелімін 25 жастан 18 жасқа дейін төмендетеді.

Әзербайжан орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, референдум барысын бақылау үшін Еуропа Кеңесінің парламенттік ассамблеясын қосқанда,  35 мемлекет пен халықаралық ұйымдардан 117 халықаралық бақылаушы аккредиттелген. Тұтас мемлекет бойынша  600-дан астам сайлау учаскелері ұйымдастырылды, бақылаушылар саны 53 мыңнан асады - шамамен бір учаскеге 10 адамнан келеді. Бақылаушылар арасында саяси партия өкілдері мен қатардағы азаматтар бар.

Дауыс беруге қысқа мерзімді бақылау жүргізу үшін Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясына кіретін халықаралық парламент депутаттарының миссиясы Әзербайжанға келді. Миссияны Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатпеков басқарды.

 «2010 жылдан бері ТҮРКПА ұйым мүшесі болып табылатын мемлекеттердегі жалпыхалықтық дауыс берулерді бақылап келеді. Мұндай шаралар біздің еліміздегі жалпыхалықтық дауыс беру процесінің дамуына ықпал етеді, себебі түркі әлеміндегі демократиялық құндылықтарды нығайту - біздің мақсаттарымыздың бірі», - деді Н.Дулатбеков.

Соңғы жаңалықтар