Аян Галиевтің әйелі Күлекбаевтің «дінін» түп тамырымен жоюды ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 18 шілде күні Күлекбаев Алматыда террорлық акт ұйымдастырғанда оны жаралап, тоқтатқан полиция қызметкері Аян Галиевтің әйелі Күлекбаевтың өзінің ұстазы бар екенін айтқанын, бұл "ілімді" түп тамырымен құрту қажеттігін айтты, деп хабарлайды сот залынан ҚазАқпарат тілшісі.

«Галиев аян жұмыс-жұмыс деп отбасын құра алмай 8 жыл жүрдік. Пәтер жалдап жүрдік. Көп күткен ұлымыз былтыр 2015 жылы қарашада туған, әкесі өлгенде 8 айда еді. Күнде жеті жарымда әкесі келеді деп күтеміз. Күлекбаевқа өлім жазасы берілуін сұраймыз. Оған біздің көзіміз жетсін өлгеніне. Ол ұстазы бар екенін айтқан. Оның ұстанымын түп тамырымен құртуымыз керек. Болашағымыз не болады?», - деді Аян Галиевтің әйелі.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыдағы ЛА 155/18 тергеу абақтысында ашық сот талқылауының төртінші күнінде жарыссөз өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар