Австрияның Клагенфурт қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Клагенфурт қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының ашылуы болды. Оның қызметі Каринтияның федералды жерінде жүргізілетін болады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ашылу салтанатына Австрия Парламентінің, жер үкіметінің мүшелері, Клагенфурт қаласының басшылығы, өңірдің іскери және мәдени орталарының, консулдық корпусының өкілдері және де БАҚ қатысты.

Австриядағы Қазақстан елшісі Қайрат Сарыбай жаңа Құрметті консул Петер Зандриссерге консулдық патентін ұсынып, Қазақстан-Австрия ынтымақтастығындағы істі кеңейтуде табыс тіледі. 

Қазақстандық дипломат Оңтүстік Қазақстан облысы мен Каринтия арасындағы серіктестікті орнатудың зор келешегіне назар аударды. Соған байланысты ол австриялық тарапқа қолда бар әлеуетті өзара әрекеттесудің түрлі салаларында барынша белсенді дамытуға шақырды.

Австрия Парламентінің депутаты, «Австрия - Орталық Азия» парламенттік тобының басшысы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрайымы Кристин Муттонен өңірлер мен жалпы екі ел арасындағы кооперацияға жәрдемдесетін, ҚР Құрметті консулдығының ашылуының маңызды екендігін айтып өтті.

Каринтия үкіметінің басшысы П. Кайзер Клагенфурттағы Қазақстан үкіметінің мекемесін құптап, федералды жердің ОҚО-мен ынтымақтастықты жақсартуға ниетті екендігін айтты. Ол жергілікті кәсіпкерлерді Құрметті консулдықтың көмегімен байланыс орнатып, ортақ жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қолданып, Қазақстанмен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды.

Екі жақты қарым-қатынасты әрі қарай арттыруда Австрия өңірлерімен ынтымақтастықты дамытуға аса зор мән беріледі. Елдің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Каринтия туризм, ауыл шаруашылығы, энергетика, ағаш өңдеу өнеркәсібі секілді салаларда үлкен жетістіктерге жеткен. Бұл федералды жер Альпі-Адриатика аймағының логистикалық хабы саналады. Онда бірнеше миллион тұтынушылар мен 5 теңіз порты бар.

Соңғы жаңалықтар