Атырауда сотта анасы балаларының туу фактісін дәлелдеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қалалық сот әйелдің балаларының тууын заңды растау туралы талабын қанағаттандырды.

 «Сотта шағыммен жүгінген әйелдің ер адаммен азаматтық некеде тұрып жатқаны анықталды. Олардың үш кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар.  Балалардың барлығын үйде босанған. Себебі оны құжаттары мен тұрақты тұратын орны болмағанын желеу етіп, ауруханаға қабылдамаған. 2015 жылғы желтоқсанда  үйлері өртеніп кетіп, оларды дағдарыс орталығына орналастырады. Ол жерде шағымданушының балаларының құжаты жоқтығы үшін тіркеуден бас тартқан. Сот шағымданушының өз балалары екеніне келтірген жеткілікті дәлелдерін ескеріп, балалардың туғанын заңды растау туралы өтінішін қанағаттандыру туралы шешім шығарды», - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар