Атырауда Қанат Ислам балалар үйіне теледидар сыйға тартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 11 қарашада Атырауға кәсіби боксшы Қанат Ислам барды, ол Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйінде болды. Белгілі спортшы Атырауға дене шынықтыру және спорт басқармасының шақыртуымен келді. бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Біздің спортшыларға кәсіби рингтегі Қанат Исламның жеңістері жігер береді,  деді басқарма басшысы Азаат Бекет. - Біз боксшыны балаларға арнап кездесу, шеберлік сыныбын өткізсін деп шақырттық.  

Шеберлік сыныбы алдында Қанат Ислам Сабыр Қазыбаев атындағы жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар үйіне барды.  Боксшы балалармен әңгімелесті, олар дайындаған концертті тамашалады. Кездесу соңында оларға боксшы плазмалық теледидар табыс етті.

Қоштасар алдында бір нәрсе айтқым келеді, - деді Қанат Ислам тәрбиеленуші балаларға. - өмірде адамның әлсіреп,  бәріне қол сілтеп, өмірден баз кешіп кеткісі келетін сәттері болады. Мұндай уақытта барлық күш-жігеріңді жинап, тісіңді қайрап, тегеурінді еселей түсу маңызды. Қазіргі атақты чемпиондарымыз да   өмір бойы алдына мақсат қойып, қиындыққа берілмейтіндіктен жетістікке жетті. Осы қағиданы ұстансаңдар, қандай қиындық алдыңды ораса да, жеңісті қолдан бермейтін боласыңдар.

Жетімдер үйінен басқа Қанат жас боксшыларға шеберлік сыныбын өткізіп, студенттермен сөйлесті, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті.

Қанат Ислам 2012 жылы бірінші орта салмақта WBA Fedecaribe титулын жеңіп алды. Спортшы 2008  жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. Бұрын «Astana Arlans» (WSB) командасының капитаны болған.

null  

Соңғы жаңалықтар