Астаналықтарға 2 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы ІІД қызметкерлері 2016 жылғы 8 айда 273 мың 318 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, 264 мың 748 әкімшілік іс бойынша сомасы 2 млрд. 3 млн. 623 мың 441 теңге айыппұл түрінде қаулы шығарылды.

Ол бойынша 803 млн. 767 мың 143 теңге өндірілді, яғни 40 пайыздан астамы өндіріп алынды.

Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес бүгінгі күні бес мыңнан астам ұйымға сомасы 180 млн. теңгеге жуық сомада айыппұл салу  бойынша 16 000 қаулы  жіберілді.   Мәжбүрлі орындауға сот орындаушыларына сомасы 700 млн. теңгеге жуық 80 мыңнан астам қаулы жіберілді.

Соңғы жаңалықтар