Астаналықтар күніне 1 мың тоннаға жуық қоқыс тастайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының аумағынан күн сайын жиналатын қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) көлемі орта есеппен 969 тоннаны құрайды.

Жалпы қалада 2 мыңға жуық арнайы алаңға 12 455 контейнер орналастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен тасымалдауды мамандандырылған ұйымдар іске асырады.

Қала аумағы 24 телімге бөлінген. Қазіргі кезде елордада «Астана-Тазарту» ЖШС (23 телім) және «Таза Әлем-Астана» ЖШС (1 телім) ҚТҚ-ны жинаумен және тасымалдаумен айналысады. Сонымен қатар, 90-нан астам арнайы техника жұмылдырылған», - деп мәлімдеді әкімдіктен.

Айта кетейік, ҚТҚ-ны шығару құны елордалықтар үшін: жайлы секторда бір тұрғыннан айына 259,2 теңгені, жеке секторда 276 теңгені құрайды.

 

Соңғы жаңалықтар