Астанадағы «Қыпшақ» тұрғын үйінен өрт шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Қыпшақ» тұрғын үй кешенінің 17-ші қабатынан өрт шығып, 20 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Оның 3-уі балалар.
«Өрттің шыққаны туралы хабар 19-03-те келіп түскен. 15-ші қабаттың балконында тұрған заттар өртке оранған. Жалын шарпыған аймақ 10 шаршы метрді құрады. 20 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді, оның 3-уі балалар. Екі адам улы газбен уланып қалғандығын айтып, шағымданды. Оларға оқиға орнына келген медицина мамандары көмек көрсетті. Емханаға жеткізудің қажеті болмады»,-деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның мәліметтері бойынша, өрт 19 сағат 26 минутта ауыздықталған. Өртті сөндіруге 27 адам мен 8 техника қатысты. Сонымен қатар Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару отрядының 5 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Апаттар медицина орталығының 3 қызметкері мен 1 техникасы және Астана қаласының медициналық қызмет көрсету қызметі атсалысты.

Соңғы жаңалықтар