Астанада балабақшамен қамту 84,2 пайызға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Астана қаласында 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту деңгейі 64,5%-дан 84,2%-ға жетті. Бұл туралы бүгін брифинг барысында БАҚ өкілдеріне Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымxан Сенғазыйев мәлім етті.

«Бүгінгі таңда 49 472 баланы қамтитын түрлі үлгідегі 260 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде 95 мемлекеттік, 2 ведомстволық, 115 жекеменшік, 48 шағын орталық», - дейді ол.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта Астана қаласында 3-тен 6 жасқа дейінгі 25,5 мың бала балабақша кезегінде тұр. Ал 0-ден 6 жасқа дейін 78 мыңнан астам бала кезек тізіміне енгізілген.

Сенғазиев 2017 жылдан бастап, балабақшаларға жолдамалар электрондық түрде e.astana.kz сайты арқылы берілетінін xабарлады. Яғни, ата-аналар үйлерінен шықпай-ақ балабақшаларға арналған жолдамаларға ие бола алады.

Соңғы жаңалықтар