Астана тұрғыны букмекерден сот арқылы 2 млн теңге өндіріп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада сот FAIR PLAY букмекерлік кеңсесінен Астана тұрғынының пайдасына 2 миллион теңгеден астам қаражат өндірді.

 Сот баспасөз қызметінің ақпаратынша, астаналық FAIR PLAY букмекерлік кеңсесінің сайтына тіркелген және шотын  250 000 теңгеге толтырған. Бұл сомамен ол спорттық ойындарға ставка жасаған. Ойыншының шотындағы сома  2 миллион теңгеден асқан.   Алайда букмекерлік кеңсе себепті түсіндірмей, ойыншының шотын бұғаттап, ставка қоюға кедергі келтірген. Сонымен қатар шоттағы ақшаны басқару мүмкіндігінен айырған.

Астана қаласының Алматы аудандық соты арызды қанағаттандырып, FAIR PLAY букмекерлік кеңсесін шотты ашуға міндеттеп, жапа шегушінің пайдасына 2 252 750 теңге өндірді.

Соңғы жаңалықтар