«Астана Опера» театрының директоры ауысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры ауысты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Төлеубек Нығметұлы Әлпиев «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры қызметінен босатылды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры қызметіне тағайындалды.

Ахмедьяров Ғалым Алғиұлы, 1973 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірді.

1995 және 1997 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы.

1998 және 2007 жылдар аралығында - ҚР Республикалық гвардиясы Президенттік оркестрінің солисі, ұлттық аспаптар ансамблінің жетекшісі.

2007 ж.- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті Өнер басқармасының басшысы.

2008-2012 жылдары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі  «Қазақ әуендері» АҚ-ның Президенті.

2012 және 2013 жылдар аралығында - «Қазақстан музыка қайраткерлерінің одағы» Қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі.

2013-2014 жылдары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақстан рухани даму қоры» АҚ-ның Президенті.

2014 жылы ақпан -қараша ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ әуендері» АҚ-ның Президенті.

2014 жылдың 3 қарашасынан осы күнге дейін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі болды.

«Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2010), «Дарын» Мемлекеттік жастар жүлдесінің лауреаты (2004), республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.

Соңғы жаңалықтар